$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мақтанамын»: Қайрат Нұртастың анасы неліктен әншілікке бетбұрғанын айтты

Ол Нұртас Айдарбековпен бірге үндінің атақты «Зуби-зуби» әнін қазақшаға аударып орындап жүр

«Мақтанамын»: Қайрат Нұртастың анасы неліктен әншілікке бетбұрғанын айтты
Фотолар: ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова соңғы уақыттары неліктен әншілікке бетбұрғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Нұртаспен жарыса ән шырқап жүрген анасына желідегі жұрт неше түрлі жағымсыз пікір жазатын көрінеді.

«Бұрындары мен әнші емеспін, балам жетіп жатыр, бір үйге бір әнші жетеді. Мен – продюсермін, продюсер деген – хит завод, әнші – өнімі. Түсінген адамға әншіден менің абыройым жоғарырақ» деп оңай жолдарымен түсіндіретінмін. Сөйтсем, Алланың жазғаны болады екен. Сахнада ұлымның концертінде ана мен бала әнін «жастарға өнеге болсын деп айту керек» деген ұсыныспен ән жазылды. Қайраттың концертінде айтуын айттым-ау. Үлкен сахнада аяқ-қолым дірілдеп, әннің сөздері жүрегімді шымырлатып өзімді ұстай алмай, кеудемді өксікке толтыра әрең айтып шықтым да, сахна сыртына барып әбден жылап алдым. Әннің сөздері бүкіл өмірімді қиындықтары мен уайымдарымды, армандарымның орындалғанын көз алдыма бір-ақ алып келді. Ол «Мақтанамын» деген ән болатын. «Мақтаншақ» дегендерге нүктесін қояйық деп әнімізбен жеткіздік», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Дәл сол концерттен кейін Гүлзираға сахна ұнап, шабыты оянған көрінеді. Ол отағасы Нұртас Айдарбековпен бірге үндінің атақты «Зуби-зуби» әнін қазақшаға аударып орындаған.

«Сонымен тойларға сұраныстар түсе бастады. Арасында «қызымызды сіз ұзатасыз, әулетте сен тұрғанда басқа адам іздемей-ақ қояйық, қызымызға Алла сенің жолыңды берсін» деп ағайындар шақыра бастады. Артынша шақыртулар көбейе бастады. Мінекей, Алланың жазғаны деген осы шығар. Алла шебер деген, біздің дегеніміз бола бермейді. Бәрін ретімен келтіре береді екен. Жалған парақшамен мұқатып жазатындар көп, бірақ сұраныс болмаса қоя салар ма едім, керісінше шақыртулар көп. Елдің де көңілін қалдырғым келмей, жолдасыммен жұбым жазылмай, қол ұстасып осылай шапқылап жүргенім сол енді, не десеңіздер де», — деді Қайрат Нұртастың анасы.

Серіктес жаңалықтары