«Яндекс.Таксиге» қатысты тексерулер жалғасып жатыр – БҚДА

Azattyq Rýhy

«Яндекс.Такси» комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36% көп

«Яндекс.Таксиге» қатысты тексерулер жалғасып жатыр – БҚДА
Фото: eurasia.expert

ҚР Бәселкестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Таксиге» тергеу жүргізу туралы бұйрықтың ішінара күшін жоюына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

29 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласы бойынша БҚДА департаментінің 2022 жылғы тексерілетін кезең бөлігіндегі бұйрығының ішінара күшін жою туралы шешімін жариялаған болатын.

«Сот бұл шешімді тергеу басталған 2022 жылғы талдаудың болмауына себептестірді», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар «Яндекс.Такси» үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы – 83,78%, 2021 жылы – 84,34%, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – 95,3% құрады. Астана қаласы бойынша 2020 жылы үлесі 60,7%, 2021 жылы 67,3% құрады.

«Яндекс.Таксидің» бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді. «Яндекс.Такси» комиссиясы ҚҚС есебімен 17% құрайды, бұл ретте «Яндекс.Такси» бәсекелесінің ең жоғары нарықтағы комиссиясы 12,5% құрайды. Сондықтан «Яндекс.Такси» комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36% көп. Бұл ретте Алматы қаласы бойынша бәсекелестің үлесі 2020 жылы 0,6%, 2021 жылы 0,3% құрайды», - деп атап өтті агенттік өкілдері.

БҚДА өкілдері «Яндекс.Таксиден» басқа жүргізушілерден 4%-дан тұратын комиссияны серіктес таксопарктері де алатынына назар аударды. Ал бұл Қазақстан Республикасында жол жүру құнының жалпы қымбаттауына әкеліп соғады.

«Сот өз шешімін түсіндіру кезінде Яндекс.Такси тарапынан заңнаманы бұзу белгілері барын расталғанын келтіріп, уәкілетті орган тиісті талдау жүргізілгеннен кейін 2022 жылғы қызметі үшін тергеу ашуға құқылы деді. Осыған байланысты монополияға қарсы органның тергеуі жалғасатын болады. Бүгінгі таңда БҚДА «Яндекс.Таксидің» 2022 жылы монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан әрекеттерін талдап жатыр», - делінген хабарламада. 

Бұл ретте агенттік «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеуді бастауға клиенттердің компания белгілеген жоғары бағаға, ал жүргізушілердің комиссия көлемімен келіспейтіндіктері туралы көптеген шағымдар негіз болғанын еске салды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.