$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылдың алғашқы күндері қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктер 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты

Жаңа жылдың алғашқы күндері қар аралас жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлант циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран, екпінді жел соғады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады», - дейді синоптиктер.

1 қаңтарда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасы түнде батыста 1-6 градус аяздан 2-3 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында 5-20-дан 10-25 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 0-10 градустан 3-15 градус аязға дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары