$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зорлық-зомбылық белгілері анықталды: Ақтөбеде 4 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

Баланың өлімі туралы хабарды «Zello poisk» еріктілері жеткізді

Зорлық-зомбылық белгілері анықталды: Ақтөбеде 4 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

Ақтөбеде 28 желтоқсан күні таңертең жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов бүгін өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

Бүлдіршіннің әкесінің айтуынша, ол баланы Қазанғап көшесіндегі № 59 үйдің ауласындағы кіреберістің жанында қалдырып, өзі темекі алуға кеткен. Ал қайтып келгенде, ұлы орнында болмаған.

Полицияның хабарлауынша, жоғалған 4 жасар Данил Ахуновтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Баланың өлімі туралы хабарды «Zello poisk» еріктілері жеткізді.

«Қайғылы жағдай болды, өкінішке қарай, бала қайтыс болды. Біздің білуімізше, ол үшемдердің бірі болған, оларға бірнеше рет көмектестік. Іздеуге көмектескен барлық қамқор жандарға рақмет. Нақты не болғанын айтуға құқығымыз жоқ. Бұл туралы полиция хабарлайды», - деді «Zello Poisk» еріктісі Екатерина Голотина.

Белгілі болғандай, балалардың анасы «ана құқығынан» айырылған. Данил жоғалғаннан кейін қалған сәбилер балалар үйіне алынды.

Серіктес жаңалықтары