Бүгін еліміздің басым аумағында аздап қар жауады

Azattyq Rýhy

Тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

Бүгін еліміздің басым аумағында аздап қар жауады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР батыс өңірлері солтүстік-батыстан ауысатын циклон жырасының ықпалында болатындықтан, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.  

Республиканый батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -9-1°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +2+4°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +6+8°С болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.