АҚШ Өкілдер палатасында TikTok қолдануға тыйым салынды
TikTok мобильді қосымшасы қауіпсіздікке қатысты бірқатар талапқа сай келмейтіні айтылды
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы заң шығарушы органның қызметкерлеріне жұмыс құрылғыларында TikTok әлеуметтік желі қосымшасын пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ТАСС мәліметтері бойынша, тиісті хабарламаны Палатаның әкімшілік мәселелер жөніндегі комитеті жіберген.
«Киберқауіпсіздік аппараты TikTok мобильді қосымшасы қауіпсіздікке қатысты бірқатар талапқа сай келмейді, осыған байланысты пайдаланушылар үшін қауіп төндіреді деген қорытындыға келді», - делінген электронды хабарламада.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік қызметшілеріне жұмыс құрылғыларында TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салу туралы ережені Конгрестің екі палатасы да мақұлдаған. Ол 2023 жылы қаржы жылындағы АҚШ үкіметінің қызметін қаржыландыру туралы заң жобасына енгізілген болатын.