25.12.2022, 10:22
Жаңалықтар
Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Polisia.kz
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты тіркеліп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
