$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

ОСК ұсынған мәліметке сәйкес ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
Фото ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

ОСК ұсынған мәліметке сәйкес ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7% - ер, 30,3% - әйел.

Өңірлер бойынша кандидаттар саны:

Астана қаласы – 3 кандидат

Алматы қаласы – 5 кандидат

Шымкент қаласы – 3 кандидат

Абай облысы – 4 кандидат

Ақмола облысы – 3 кандидат

Ақтөбе облысы – 3 кандидат

Алматы облысы – 3 кандидат

Атырау облысы – 5 кандидат

БҚО – 3 кандидат

Жамбыл облысы – 5 кандидат

Жетісу облысы – 3 кандидат

Қарағанды облысы – 3 кандидат

Қостанай облысы – 3 кандидат

Қызылорда облысы – 3 кандидат

Маңғыстау облысы – 3 кандидат

Павлодар облысы – 3 кандидат

СҚО – 3 кандидат

Түркістан облысы – 4 кандидат

Ұлытау облысы – 3 кандидат

ШҚО – 3 кандидат

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.

Серіктес жаңалықтары