$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде қар шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Бизнес өкілдеріне 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл белгілеген

Өскеменде қар шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде қар шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қала тазалығы үшін тек коммуналдық мекемелер ғана емес, кәсіпкерлер де жауапты. Өскеменде өздеріне тиесілі ауланың қарын шығармай, салғырттық танытқан 135 кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның 18-іне айыппұл салынса, қалғаны ескерту алды. Бизнес өкілдеріне 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл белгілеген.

«Олар мердігер компаниялармен өздері келісім жасап, айналасын қардан тазартуға алдын-ала қамдану керек», - дейді мамандар.

Қазір қалалық әкімдік өкілдері полиция қызметкерлерімен бірлесіп бақылауды күшейтті. Дегенмен шаһарда үйіліп жатқан қар көп.

Естеріңізде болса, осы айдың басында қалада 2 апта бойы толассыз қар жауған еді.

Серіктес жаңалықтары