$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аңсаған сәби»: Жыл басынан бері Қазақстанда 3 мыңнан астам сәби дүниеге келді

ЭКО арқылы биыл 2600 отбасы бала сүйген

«Аңсаған сәби»: Жыл басынан бері Қазақстанда 3 мыңнан астам сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жыл басынан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 3 110 сәби дүниеге келді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президенттің тапсырмасы аясында елімізде «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында 7000 әйелге ЭКҰ қолжетімді болды.

«2022 жылы 6,5 мың әйел бағдарламамен қамтылды. Орындалған ЭКҰ рәсімдерінің нәтижесінде «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2654 отбасында көптен күткен 3110 бала дүниеге келді», - деп хабарлады вице-министр.

Сонымен қатар ол жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көмекті жетілдіру мақсатында елде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланғанына тоқталды.

Серіктес жаңалықтары