22.12.2022, 13:01
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті
Төле би кесенесі қаладағы көрнекті орындардың бірі
Фото: Telegram/bort_01
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
