Валюта бағамы: 22 желтоқсанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 22 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни бейсенбі күні доллар бағамы тағы бір теңгеге қымбаттап, 470,28 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 469,18 теңге болып бекітілген еді.
Ресей рублінің ресми бағамы төмендеп, 6,66 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 469,5 теңгеден сатып алынып, 472,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 468 теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 470,28 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 499,16 (еуро)
RUB / KZT – 6,66 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,2 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67,44 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,53 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,18 (өзбек сомы).