Әлеуметтік тәжірибе: бойжеткен бөтен балаларды бірнеше секундта алдап алып кетті
Видео әлеуметтік желілерде таралды
Балалардың анасымен алдын ала келісіп алған жастар әлеуметтік тәжірибе жасап көрді. Анасы балаларынан бірнеше секундқа алшақтаған кезде бейтаныс екі бойжеткен келіп оларды алдап көлігіне отырғызып алып кетті. Ал мектеп оқушыларына бұл анасының өтініші екенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желілерде таралған бұл тәжірибеге қатысты оқырмандардың пікірі қақ айырылды. Бұл тәжірибені бірі қолдаса, кейбірі арампиғылды адамдарға ой салды деп жазды.
«Осылай-ақ тәжірибенің қалай жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Адам ұрлайтындарға ой тастап отыр ма?», « Мұндай тәжірибе жасағандарды қатаң түрде жазалу керек», «Балалар сеніп жүре береді. Күнде-күнде айтып отыру керек», «Дұрыс әртүрлі жағдай болады. Өмірде болатын жағдайларға бейімдеу керек», - деп жазып жатыр оқырмандар.