$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талибан әйелдерге университетте оқуға тыйым салды

Өткен жылы елде қыздарға орта мектепке баруға тыйым салынған болатын

Талибан әйелдерге университетте оқуға тыйым салды

Ауғанстандағы билеуші «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда  экстремистік деп танылған және тыйым салынған) ауған әйелдеріне бұдан былай университеттерде оқуға тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Білім министрлігі әйелдердің университеттерге кіруін шектеу  дереу және белгісіз мерзімге енгізілгенін мәлімдеді.

Ауған университеттеріне қабылдау емтихандары үш ай бұрын өткен. Оқуға түскендердің арасында мыңдаған жас әйел бар.

Өткен жылы Талибан қыздарға орта мектепке баруға тыйым салған болатын. Осы жылдың наурыз айында шетелдік үкіметтер Талибанды қыздарға арналған мектептер жақында ашылуы мүмкін деген бірнеше сигнал беріп, сол күйі жабық қалдырғаннан кейін сынға алды.

Ауған университеттеріне қабылдау емтихандары үш ай бұрын өтті – оқуға түскендердің арасында мыңдаған жас әйел болды.

Алайда, олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға көп шектеу қойылды: ветеринария, инженерлік, экономика және ауыл шаруашылығы саласын әйелдердің меңгеруіне тыйым салынды, ал журналистикаға тіпті айрықша шектеу қойылды.

Өткен жылы Талибан Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін, университеттерде ерлер мен әйелдер үшін бөлек оқыту және бөлек кіру тәртібі енгізген. Бұл жағдайда әйелдерге белгілі бір жастан асқан басқа әйелдер немесе ер адамдар дәріс берген. 

Бірнеше апта бұрын елде әйелдер құқығын қорғаушы Зарифа Ягуб пен тағы үш адам ұсталды. БҰҰ мен басқа ұйымдар олардың босатылуына қатысты үндеу айтқанымен, талибандар бұған еш жауап берген жоқ.

Өткен аптада Ауғанстандағы футбол стадионында мыңдаған көрерменнің алдында 12 адам, оның ішінде үш әйел қамшының астына алынды.

Ал қараша айында Кабул тұрғындарына қалалық саябақтарға кіруге тыйым салынды. Талибандар мұндай әрекеттер шариғат нормаларын бұзады деп есептейді екен. Шамамен сол кезде әйелдерге Ауғанстан астанасындағы бассейндер мен спорт залдарына баруға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары