$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бізге не жетпейді?»: Димаш Құдайберген өзін алаңдататын мәселені айтты

Ол біз бір үйдің, бір мекеннің перзенті екенімізді айтты

«Бізге не жетпейді?»: Димаш Құдайберген өзін алаңдататын мәселені айтты

Орталық Азия медиа форумында әнші Димаш Құдайберген бірқатар маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Димаш Құдайберген алғы сөзінде Мұхаммед Хайдар Дулатидің сөзінен мысал келтірді.

«Әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің ең басты кілті – сары майдан қыл суырғандай саяси дипломатиялық, адами қарым-қатынас мемлекетаралық сыйластық. Бір елдің өзге бір елдің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, мыңдаған жыл ішінде, яғни 5,5 мың жыл ішінде адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген деседі. Бұл өкінішті жайт», - деді ол.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген бейбітшілік пен соғыс мәселесі туралы жан тебіренісімен бөлісті.

«Адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермендігін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай ел соғыс зардабын тартып, экономикасы құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жан сол зұлматтың зардабын тартып жатыр. Мұның барлығы бейбітшілік еткен жерлер, берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр. Біз неліктен мыңдаған жыл бойы тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз? Осы сұрақ мені көптен бері мазалайды», - деді Димаш Құдайберген.

Оның айтуынша, әлем болып бірігіп, тыныштық пен бейбітшілікті, тәуелсіздікті сақтауға ұмтылуымыз керек.

«Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неліктен біріге алмай келеміз? Бізге не жетпейді? Сондықтан әрқашан дүрдараздыққа жол бермей, достаса білуіміз қажет. Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын. Ең бастысы, өскелең ұрпаққа ата-баба қанымен келген Тәуелсіздікті қорғау керек екенін түсіндіруіміз керек. Еліміздің амандығы үшін еңбек етуіміз керек», - деді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары