$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұз ЖЭО-ы мемлекет меншігіне қашан қайтарылады – Скляр жауап берді

Ол 2023 жылдың бірінші тоқсанында аудит жүргізілетінін мәлімдеді

Екібастұз ЖЭО-ы мемлекет меншігіне қашан қайтарылады – Скляр жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім келесі жылы қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Екібастұз ЖЭО-ның иелері оны 1 теңгеге қайтаруды ұсынғанын білесіздер. Бірақ біз оны қандай жағдайда қайтарғысы келетінін түсінуіміз керек. Қағаз жүзінде көрсеткен, жариялаған қаражаттың бәрі осы ЖЭО-ға жұмсалды ма, сол жағын мұқият тексеру қажет. 2023 жылдың бірінші тоқсанында біз аудит жүргіземіз, содан кейін қайтару туралы шешім қабылдаймыз», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін.

Ол жылу электр стансалары мемлекет балансына қайтарылуы мүмкін қалалар туралы айта келе, Риддер қаласындағы жылу электр орталығын ерекше атап өтті.

«Ең проблемалы екінші ЖЭО – Риддер ЖЭО-ы. Ол мүлдем тоқтады. Екібастұзда апат ЖЭО-да емес, жылу жүйелерінде болды десек, ол жұмыс істеді және қазір біршама қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ал Риддерде ол мүлдем тоқтап қалды», – деді ол.

Склярдың айтуынша, Риддерде қысқы кезеңге дайындық мүлде жүргізілмеген және жарияланған жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Серіктес жаңалықтары