Бұрынғы әйелін бірнеше жерден пышақтаған: Талдықорғанда ер адам 7 жылға сотталды
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болды
Талдықорғанда бұрынғы жұбайына бірнеше рет пышақ сұқты деп айыпталған 31 жастағы ер адамға үкім шығарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Жетісу облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы жылдың 5 қаңтарында қолында пышағы бар ер адам бұрынғы жұбайының ізіне түсіп, бетін, мойнын және денсінің өзге де бөліктеріне жарақат салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Оқиға орнынан жасырынған күдіктіге көп ұзамай халықаралық іздеу жарияланды.
«Белгілі болғандай, іздеуде жүрген адам Қостанай облысының аумағында жасырынып жүрген, онда ұсталып, Талдықорған қаласына жеткізілді. Қылмыстық іске бірнеше сараптаманың нәтижесі қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді», - деді Талдықорған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Сот үкіміне сәйкес, 31 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жәбірленуші полицейлерге алғыс айтты.