$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті Қазақстанда өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті Қазақстанда өтеді
Фото: Ақорда

Кездесу барысында Мемлекет басшысы, ең алдымен, Кубанычбек Өмірәлиевті  ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы ұйымның негізін қалаушы елдің бірі ретінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып, хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

«Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде түркі халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға арналған бірегей алаң ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының маңызы арта түсті. Халықаралық ұйымдар мен әлемнің көптеген елдері Түркі мемлекеттері ұйымымен сауда-ниетті”, - делінген хабарламада.

 

Президент сондай-ақ ұйым хатшылығының алдында биыл қазан айында Самарқанд қаласындағы саммитте қабылданған маңызды шешімдер мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы құрылды. Ұйымның келесі мерейтойлық 10-шы саммиті 2023 жылы Қазақстанда өтеді.

Серіктес жаңалықтары