19.12.2022, 12:56
Жаңалықтар
Алдағы күндері кей өңірде 28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
20-22 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Фото: ашық дереккөзден
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі мен орталық бөлігінде -28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» болждамынша, 20-22 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жел екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында көктайғақ болады.
«Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы минус 15-28 градусқа дейін төмендеуі ықтимал», - дейді синоптиктер.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 09:55
Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытуға мықтап кіріскен көрінеді
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
