19.12.2022, 12:39
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көбірек тұтынады – зерттеу
Ел тұрғындары әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша жұмсайды
© Sputnik
Қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарында азық-түлік үлесі 50,8% құрайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП талдау қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сарапшылар қазақстандықтардың әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша (17%) жұмсайтынын атап өтті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар мына азық-түлікті көбірек тұтынған:
- сүт өнімдері (тоқсанына орта есеппен жан басына шаққанда 56,3 кг);
- нан өнімдері және жарма өнімдері (31,7 кг);
- жемістер (26 кг);
- көкөністер (22 кг);
- ет және ет өнімдері (19,3 кг).
«Халықтың аз қамтылған бөлігі ауқатты тұрғындармен салыстырғанда, балық пен теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет пен ет өнімдерін 3,5 есеге, сүт пен сүт өнімдерін 3,4 есеге аз тұтынады», - дейді мамандар.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті