$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Конституциялық сот кімдерді және қалай қорғайды?

Конституциялық сотқа соттар да арыздана алады 

Конституциялық сот кімдерді және қалай қорғайды?
Фото: ашық дереккөзден

“Қазақстанда Конституциялық соттың енгізілуі -әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам” тақырыбындағы  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының кулуарында сарапшы Марат Бәшімов Конституциялық соттың ерекшелігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

“Конституциялық соттың адвокаттармен қарым-қатынасы жоғары болады. Сот қолданған заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, адвокаттар да, азаматтар да Конституциялық сотқа барып арыздана алады. Бір ғана істің өзінде миллиондаған адам Конституцияға сәйкес келмейтін заңдардан босатылады. Бұл құқықтық мемлекеттегі адам құқығының бірінші орында тұрғанын көрсетеді”,- деді Бәшімов.

Оның айтуынша, Конституциялық соттан жоғарғысы жоқ, себебі ол Ата заңды қорғап отыр.

“Бұл сот заң шығарушы органды конституциялық тәртіпке тарта алады. 78-бап бойынша соттар да Конституциялық сотқа арыздана алады. Бірақ оны қолданбайды. Сол үшін конференция заңгерлер мен адвокаттардың адам құқығын қорғауды көтеру бойынша жұмыс істейді”,-деді сарапшы. 

Айта кетейік, Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 2022 жылдың 5 қарашасында жария түрде қол қойған болатын. Қабылданған құқықтық актілер олардың құқықтарын бұзды деп санаса, Бас прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және қарапайым азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Конституция #сот