18.12.2022, 09:34
Жаңалықтар
Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Оның денесі ауылдан 22 шақырым жердегі бейіттердің арасынан табылды
Фото: instagram.com/atyrau_tjd
Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy АқЖайық басылымына сілтеме жасап.
20 қараша күні Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғыны таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды.
Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)