Бұрқасын, көктайғақ, тұман: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша 18 желтоқсанда бірқатар өңірде бұрқасын болып, тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 18 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз 18 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.