$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Павлодарда ұсталды

Экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады

Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Павлодарда ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ол тонау, ауыр дене жарақатын келтіру, бопсалау сияқты қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

- Анықталғандай, 2020 жылы Германия азаматы өз Отанында Дрезден жергілікті соты 5,3 жылға бас бостандығынан айырған. 35 жастағы ер адам 2022 жылдың наурыз айында неміс паспортын пайдалана отырып Астана қаласына ұшып келіп, қыркүйек айында Павлодарға келген. 2022 жылдың 22 қарашасында ер адам Германия Федеративтік Республикасының халықаралық іздеуіне жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыскерді Павлодар жедел уәкілдері ҚР ІІМ интерполымен бірлесіп ұстады. Ол Павлодар қаласы УҰИ-ға қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Капаров.

Серіктес жаңалықтары