$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тәуелсіздік күнінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді

Тәуелсіздік күнінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Фото: ашық дереккөзден

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның ХҚО-лары мен арнайы ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» хабардар етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«17-18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 17 желтоқсан сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», - делінген хабарламада. 

Ал 19 желтоқсан – дүйсенбіден бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс жасайды.  

Естеріңізге сала кетейік, әдетте дүйсенбі мен жұма аралығында ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары