$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстанда көмір бағасы тағы қымбаттады

Елде Шұбаркөл мен Қаражыра көмірлеріне сұраныс жоғары болып тұр

Қырғызстанда көмір бағасы тағы қымбаттады
Фото: turmush.kg

Қырғызстанға тасымалданатын қазақ көмірі тағы қымбаттады. Көмірдің құны соңғы күндері тағы 400 сомға өскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Қырғызстанда Шұбаркөл мен Қаражыра көмірлеріне сұраныс жоғары. Қазақстанға іргелес орналасқан Шу облысының өзінде қатты отынның бағасы бірден он мың теңгеге қымбаттаған. Бішкек маңындағы мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандардың барлығы көмір жағу арқылы жылытылады.

Шу облысына қарасты Жайыл ауданының әкімдігі көмір қоры туралы ақпарат жинаған. Білім беру нысандары қысқы маусымға 93%, денсаулық сақтау орындары 100% дайын. Тек Жайыл ауданының тұрғындары ғана 52 мың тонна көмір сатып алған.

Қырғызстан нарығында жергілікті Қара-кеше көмірі де сатылғанымен, оған сүраныс төмен. Қазақстаннан жеткізілетін Шұбаркөл мен Қаражыра көмірлеріне сұраныс жоғары. Бішкек маңындағы Қара-Балта ауылында Қазақстанның Қаражыра және Шұбаркөл көмірлерін сақтайтын екі отын базасы бар. Ол жерлердегі көмірдің көтерме тоннасы үйлерге жеткізіп беру құнын қоспағанда, 5 400 сомға жеткен. Бөлшектік баға бұдан да жоғары. Күн суытқалы тоннасы 30 мың теңгеге бір-ақ жеткен көмір базаларында адамдардың кезекке тұруы да көбейген. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін базаға полиция қызметкерлерін тартуға тура келген.

«Жайылдықтар ғана емес, Панфилов пен Мәскеу аудандарынан да көмір іздегендер көп. Шұбаркөл қоймасында 1 мың тонна көмір қоры бар», - деді Жайыл ауданы әкімінің орынбасары Асылбек Нұрбеков.

Ал бөлшек сауда нүктелерінде бір қап көмірдің құны 50 сомға өскен. Бір қап көмір құны 350 сом, яғни 2 мың теңгеге жуық. Суусамыр алқабының кейбір учаскелерінде қыста ауа температурасы 50 градусқа дейін жетеді. Әкім орынбасары А. Нұрбековтың айтуынша, халық әлі күнге қи жағады. 

«Негізінен, Суусамырда, әсіресе тау тұрғындары ағаш пен қи жағып үй жылытады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар негізінен, отандық Қара-кеше көмірін сатып алады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары әлеуметтік осал отбасыларды қысқа дайындықта қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. Жергілікті билік аз қамтылған отбасыларға ақшалай өтемақы бөліп, көмір мен отын сатып алуға көмектеседі. 2021 жылы бұл мақсаттарға 1,3 миллион сом жұмсалды. Осы жылы 150 отбасына, оның ішінде қайырымдылық қорлары да көмек көрсетуді жоспарлап отыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары