Таразда оқушының асқазанынан 1 килограмм шаш шықты

Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өтті

Таразда оқушының асқазанынан 1 килограмм шаш шықты
Фото: ашық дереккөзден

Таразда 13 жастағы оқушы қыздың асқазанынан ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 1 келі 200 грамм тартатын шаш шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Операцияны Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтары жасады. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі сәтті өтті. 

Науқастың салмағы азайып, тәбеті жоғалып, іш құрылыстарында ауру белгілері пайда болған. Осындай шағымнан кейін дәрігерлер тексерулер жүргізіп, жедел операция жасау керек деп шешкен. Шаштың киіз болып қатып қалғанына қарағанда, баланың асқазанында біраз уақыт бойы жиналған дейді дәрігерлер. 

«Ата-анасының айтуы бойынша, ол кішкентай кезінде шашын тістеп жүретін болған. Содан қалыптасқан әдет. Одан кейін осылай жиналған асқазанға. Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Интенсивтік терапиясын реанимация бөлімінде алып жатыр», - деді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.