$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2020, 01:56
Жаңалықтар

Күрестен әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екі алтын ұтты

Үндістанда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Күрестен әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екі алтын ұтты
Фото: Olympic.kz

Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапондық Маю Мукаиданы жеңді.  

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші қоланы салды. 

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. 

Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты. 

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-орынмен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары