Аяз, боран, көктайғақ: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Бірқатар өңірлерде тұман түседі
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында боран болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетті. Ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.
Ақтөбе облысыныңорталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с-ке жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 20-25, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Ақтау қаласында түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарына тұман түседі. Таулы аймақта оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаламында түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.