13.12.2022, 00:49
Жаңалықтар
Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы анықталуда
polisia.kz
Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада 102 арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды