Сауда және интеграция бірінші вице-министрі БҚО-да кәсіпкерлермен кездесті

Azattyq Rýhy

Өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 23,7%-ға өскен

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі БҚО-да кәсіпкерлермен кездесті

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі іссапармен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бірінші вице-министрдің жұмыс сапары аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес және бизнес бірлестіктермен кездесу өтті.

Онда агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өндіру мен сатуға, қант сатып алуға, тұтынушылар үшін тәуелсіз сараптама орталығын құруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Өз кезегінде Өңірлік кеңес мүшелері М.Жәкібаев, С.Идиятов, Т.Ескендіров, Д.Сатқановтар кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер мен түйткілдерді атап, шешу бойынша ұсыныстар енгізді.

Кездесуде министрлік өкілі «Атамекен» кәсіпкерлер палаталарымен тығыз қарым-қатынас жұмыс бағыты қалыптасқанын атап өтті. Бірқатар ақпараттар мен мәселелерді қаперіне алып, республикалық деңгейде қосымша талқыланатынын жеткізді.

Арман Шаққалиевтің айтуынша облыста жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 23,7%-ға өсуі байқалады. Ең үлкен өсім бұл қант бағасы – 67,8%, қарақұмық – 39,3%, күріш – 37,1%, сары май – 34,8%, жұмыртқа – 30,8%, тауық еті – 29,1%, пияз – 28,1%-ды құрап отыр.

«Биыл 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында облыста рейдтік іс-шаралармен үй жанындағы дүкендердің 99%-ы қамтылды, 8 бұзушылық анықталды. Барлығы 7 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссия құрылып, 20 отырыс өткізілді», - деді бірінші вице-министр.

Кездесуден соң Арман Абайұлы өңірдегі бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда Бәйтерек ауданында орналасқан «Жаңа Әлем» шаруа қожалығының көкөніс қоймасы, «Орал Агро» жеке кәсіпкерінің заманауи көтерме-тарату орталығы, «World Green Company» ЖШС-нің жылыжай кешені және «Орал құс фабрикасы» ЖШС-ның басшыларымен кездесті.

Сондай-ақ кездесу барысында бірінші вице-министр өңірлердің ірі сауда желілерімен сауда үстемесін 10%-ға төмендету туралы меморандумдарға қол қойылып, оның ішінде Орал қаласының ірі сауда желілері де бар екенін айтып өтті.

Сапар соңында Арман Шаққалиев журналистер қауымына арнап брифинг өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.