$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Халық қазір мал болып кеткен»: БҚО-да ауыл әкімі халықтан кешірім сұрады

Бейбіт Аманғалиев шағым айтып келген тұрғындардың ашуын туғызған еді

«Халық қазір мал болып кеткен»: БҚО-да ауыл әкімі халықтан кешірім сұрады
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев «халық қазір мал болып кеткен» деген сөзі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбада ауыл әкімі алдымен осы жылдың басында Павлов, Горбунов ауылдарына газ кіргізілгенін атап өтті.

«Желтоқсан айының 7-сі күні таңертең 9.40-та Павлов, Горбунов ауылдарында техникалық ақаумен жарық сөнді. Кешкі 18.40-та жарықты жағып қуанып жатқанымызда газ өшті. Осы ауылдарға қызмет етіп жүрген «Алия Сервис» ЖШС тарапынан қателік болып, газды уақытында қоса алмадық. Газ 8 желтоқсан күні 23.30-да қосылды. Қазіргі таңда бәрі жақсы», - деді Бейбіт Аманғалиев.

Видео соңында әкім әріптестерінен, ауыл тұрғындарынан және журналистерден кешірім сұрады.

«Енді олай деп (халық мал болып кеткен – ред.) айтқым келген жоқ. Тоңып, шаршап жүрген кезімде артық сөз айтып қойсам, кешірім сұраймын», - деп сөзін аяқтады әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев «халық қазір мал болып кеткен» деп шағым айтып келген тұрғындардың ашуын туғызған еді.

Серіктес жаңалықтары