$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бельгияда бір ауылдың жүзден аса тұрғыны лотереядан 143 млн еуро жеңіп алды

Олардың әрқайсы шамамен 868 мың еуродан алатын болады

Бельгияда бір ауылдың жүзден аса тұрғыны лотереядан 143 млн еуро жеңіп алды

Бельгиядағы шағын ауылдың 165 тұрғыны еуропалық EuroMillions лотереясының кезекті ұтыс ойынының жеңімпазы атанды. Бельгиялықтар тобы 143 миллион еуродан астам джекпот ұтып алды, яғни ойыншылардың әрқайсысы шамамен 868 мың еуродан алады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жалпы, бұл жолы лотерея билеттерін 27 миллионнан астам еуропалық сатып алған.

Бельгия ұлттық лотереясының ресми өкілі Джек Вермеер елдің тұрғындары жиі топтасып ойнайтынын, бірақ ешқашан жеңімпаздар саны мұншалықты көп болмағанын айтады.

Синдикаттың барлық қатысушысы Антверпенге жақын орналасқан шағын Долмен ауылында тұрады. Ауыл халқы шамамен 3,7 мың адамнан тұрады. Олардың әрқайсы жергілікті дүкеннен сатып алынған лотерея билеттері үшін бірдей мөлшерде ақша төлегендіктен, сыйлық бәріне бірдей бөлінеді.

Сәрсенбіде сол дүкенде болған Вермое, синдикат қатысушыларына олардың ұтып алғаны туралы хабарлаған кездегі атмосфераны тыныштық пен эйфорияның үйлесімі ретінде сипаттады. Ол жеңісті «Рождествоға ең жақсы сыйлық» деп сипаттады.

Лотереяға қатысу үшін бірнеше жыл бойы осындай топтарды ұйымдастырған дүкен иесі Бельгия радиосына кей жеңімпаздар хабарламаны бес-алты рет қайталағанда ғана ұтысқа ие болғанына әрең сенген.

Ұтысқа ие болған топ мүшелерінің есімдері жарияланбайды.

EuroMillions-тің соңғы джекпоты өте әсерлі болғанымен, бұл тарихтағы ең үлкен ұтыс емес. Шілде айында Ұлыбритания тұрғындарының бірі бұл лотереядан 195 млн фунт ұтып алған еді, ал бірнеше ай бұрын британдық ерлі-зайыптылар 184 млн фунт жүлдеге ие болған болатын.

Euromillions лотереясына Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Испания, Португалия, Ирландия, Австрия Швейцария және Люксембург сияқты тоғыз еуропалық елдің тұрғындары қатысады.

Серіктес жаңалықтары