09.12.2022, 10:31
Жаңалықтар
Алтай Көлгінов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
Ол 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келді
Фото ашық дереккөзден
Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын», - делінген Ақорда хабарламасында.
Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
- 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
- 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады;
- 2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары;
- 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
- 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды;
- 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі;
- 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
