Ұлттық тестілеу орталығы байқау сынақтарының базасын жаңартты
Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT- мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.