Өскеменде сот ғимаратына «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр

Azattyq Rýhy

Ғимаратты тексеру барысында қауіпті заттар табылған жоқ

Өскеменде сот ғимаратына «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде сот ғимаратына «бомба қойылды» деп жалған хабарлама  берген адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Бүгін сағат 18:05-те полицияға Өскемен қаласындағы №1 қалалық соттың ғимараты миналанған деген хабарлама түсті. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерді қарап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.  

Ғимаратты тексеру барысында қауіпті заттар табылған жоқ.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.