Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің заңбұзушылығы азаймай тұр

35 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің заңбұзушылығы азаймай тұр

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан заңбұзушылық азаймай тұр. Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы 795 заң бұзушылық фактісін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында өңірдегі аудан, қала әкімдіктерінде, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында, жұмыспен қамту орталықтарында, ХҚКО-да жүргізілген мониторинг қорытындылары талқыланды. 

«Заң бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 29 нұсқама енгізіліп, барлығы орындалып, 35 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты, аудан әкімдіктері аппараты басшыларының мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар қабылдау туралы есептері тыңдалып, кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдері белгіленді», - деп хабрлады ҚР Мемлекеттік қызметтер істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.  

Бұдан бұрын, талдау тобымен бірқатар мемлекеттік мекемелерде тұрғындарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықсыз қызмет алуына жағдай тиісті деңдейде жасалмағандығы да анықталған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.