«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстандағы жұмысын тоқтатуы мүмкін – министр

Azattyq Rýhy

Бүгін компанияның тағы бір жұмысшысы қаза тапты 

«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстандағы жұмысын тоқтатуы мүмкін – министр
Фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше комиссия құрылып, оларда түрлі министрліктерден 70-тен астам маман жұмыс істеп жатқанын айтты.

«АрселорМиттал Теміртау» басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр, оны жақын арада біле аласыздар. Тіпті «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ көтеріліп жатыр», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 

Желтоқсанның 8-і күні «АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы қаза тапты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.