Ұзақ уақыт рейдерлікпен айналысқан топ мүшелеріне іздеу жарияланды

Azattyq Rýhy

Іздеуде жүргендердің қайда екенін айтқан адамға ақшалай сыйақы беріледі

Ұзақ уақыт рейдерлікпен айналысқан топ мүшелеріне іздеу жарияланды

Елімізде ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан топтың мүшелеріне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржылық мониторинг агенттігі осыған дейін ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқан болатын.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Елдос Қоспаев, сондай-ақ оның сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеуге жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады.

Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды – Айдос Қоспаев, Оксана Кудряшева және Алексей Кузнецов. Бұл адамдар да іздеуде.

Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі.

ҚР ҚПК 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.