21.02.2020, 05:52
Жаңалықтар
Арқалықта 26 студент қызылша жұқтырды
Олар Арқалық педагогикалық институтында оқиды
Фото: ашық дереккөзден
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттың 26 студентінен қызылша анықталды, деп хабарлайды kstnews.kz.
Басылымның жазуынша, барлық жағдайда студенттер ауруды басқа қаладан жұқтырып келген.
Студенттердің көбі оңтүстік өңірлерден келген. Олар жақында демалысқа үйлеріне барған.
«Қостанай облысында қызылша диагнозы соңғы рет былтыр жазда қойылған болатын. Ал оңтүстікте қызылшаның анықталуы тоқтамаған. Біз өз тарапымыздан аурудың таралуын тоқтату үшін қызылша жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған барлық студенттерге екпе салдық», - дейді дәрігерлер.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
