$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да 15 мың адамнан ЖРВИ анықталды

Науқастардың ішінде 13 жүкті әйел бар

СҚО-да 15 мың адамнан ЖРВИ анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда ЖРВИ-ге шалдыққан 15 мың адам тіркелді. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25 пайызға көп. Мамандар мұны маусымдық құбылыспен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ауырғандардың  басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар. Олар жалпы көрсеткіштің 67 пайызын құрап отыр. 

«Биыл 14 қазаннан бастап облыста тұмау жағдайлары тіркеле бастады. Облыста барлығы В типті тұмаудың зертханалық расталған 179 жағдайы тіркелді. Науқастардың ішінде 13 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 67 бала тіркелді. Қазіргі уақытта алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Облыста қауіп тобына жататын 75 000 адамға екпе салынды. 75000 адамның ішінде 4600 оқушы, 8515 медицина қызметкері, 584 жүкті әйел, 1899 қызметкер және қамқорлықтағы балалар үйі, балалар үйі, қарттар үйі, 24091 созылмалы аурулары бар адам және 37210 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (суық тиюмен жиі ауыратын балалар, 65 жастан асқан адамдар және т.б.) вакцинациялаумен қамтылды», - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айнаш Сағындықова.

Қауіп тобына медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар жатады.

Тұмауға қарсы вакцинациямен жоғары қамту ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және эпидемияның пайда болуына жол бермейді. Екпеден басқа алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмау керек: бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет», - дейді Айнаш Сағындықова.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #эпидемиолог