$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ әкімшілік полиция және көші-қон қызметі комитеттерін таратуды жоспарлап отыр

Жоба 19 желтоқсанға дейін талқыланады

ІІМ әкімшілік полиция және көші-қон қызметі комитеттерін таратуды жоспарлап отыр
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті мен Көші-қон қызметі комитетін таратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тиісті Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«ІІМ жобасын қабылдау құқық қорғау қызметін өткеруді ұйымдастыру тәсілдерінің бірлігі қағидатын іске асыруға, ІІМ-нің ұйымдық құрылымын, қызметкерлерді басқа құқық қорғау органдарымен ұқсастығы бойынша әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіруге, дербестікті қамтамасыз ете отырып, шешімдер қабылдау кезінде олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыра отырып, ІІМ-нің қайта құрылған бөлімшелерінің жұмысын қайта құруға, осы лауазымдарды тәжірибесі мол білікті кадрлармен алмастыру үшін тартуға мүмкіндік береді», - делінген қаулы жобасында.

Жоба 19 желтоқсанға дейін талқыланады.

Серіктес жаңалықтары