$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда тұрғын үйде болған жарылыстан ер адамның қолы жұлынып кеткен

Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтауда тұрғын үйде болған жарылыстан ер адамның қолы жұлынып кеткен
Фото: lada.kz

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, соның салдарынан пәтер иесінің қолы жұлынып кеткен. Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 3 желтоқсанда қаланың 27-ші шағынауданында болған. №49 үйдің тұрғындары сенбі күні түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты гуіл естілгенін айтады. Олардың айтуынша, жарылыстан терезелер шағылған.

Куәгерлер оқиға салдарынан аталған пәтерде тұратын ер адамның зардап шеккенін, оның бір қолы жұлынып кеткенін айтады.

Белгілі болғандай, зардап шеккен ер адам – әскери қызметкер. Ол пәтерде отбасымен бірге тұрған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі журналистерге оқиға орнынан 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін хабарлады. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары