$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Олардан ақша мен есірткі заты тәркіленді

Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Ақтауда 15 шағынаудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 1 ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 дана ойын фишкасы, покер ойындарына арналған 16 қорап ойын картасы және «марихуана» есірткі затын пайдалануға арналған 2 қолдан жасалған баклажка тәркіледі.

Одан бөлек «покершіден» 374 500 теңге, 200 доллар және 50 еуро көлемінде ақшалай қаражат пен құрамында «марихуана» есірткі заты бар 1 байлам тәркіленді.

Сонымен қатар үй-жайда даяшы мен өзге де покер ойынын ойнауға келген келушілер болды.

«Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - дейді ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#казино