$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қыста асфальт төсеген»: Алматы облысында мердігер ұйым қарға қарамай жол жөндеген

Әлеуметтік желіде қыс ішінде жол жұмыстарымен айналысып жатқандардың видеосы жарияланды

«Қыста асфальт төсеген»: Алматы облысында мердігер ұйым қарға қарамай жол жөндеген
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Алматы облысында қыс ішінде асфальт төсеп, жол жұмысымен айналысып жатқандардың видеосы таралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеода бұл Іле ауданы Жәпек батыр ауылы деп көрсетілген. Жергілікті әкімдік жыл соңында бюджетті игерудің амалын жасап, қар мен ауа райына қарамастан асфальт төсеп жатыр делінген.

Желі қолданушылары «Мемлекет бюджетін талан-таражға салғандарға қашан жауапкершілікке тартылады?», «Бассыздық!», «Ақша алу үшін қалай болса, солай жасап жатыр, қылмыстық жауапкершілікке тару керек», деген сияқты пікірлер қалдыруда.

Бұл жағдайға Ащыбұлақ ауылының әкімдігі түсінік берді. Олардың айтуынша бұл жұмыс тұрғындардың өтініші бойынша жасалған.

«Видеода Ащыбұлақ ауылдық округы Төлеби ауылында мердігер ұйым «Билмахамбетова» ЖК жүргізген жұмыс көрсетілген. Мердігер ауа райын ескермей, Молдағұлова көшесі бойында 200 метр жерге асфальт төсеген. Бұл жұмыс аталған көше тұрғындарының шағымынан кейін жүргізілгенін атап көрсетеміз және қазір жұмыс аяқталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары