04.12.2022, 13:49
Жаңалықтар
Жедел штаб: Екібастұзда бүгін қалған 11 үйге жылу беріледі
Қазір мұнда 500-дей адам жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр
Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.
Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)