$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Tesla Semi алғашқы электрлік жүк көлігі шығарылды

Tesla Semi бағасы 150 мың АҚШ долларынан басталуы мүмкін

Tesla Semi алғашқы электрлік жүк көлігі шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

Tesla компаниясы Американың Невада штатында бейнсенбі күні Tesla Semi алғашқы электрлік жүк көлігін жұртшылыққа көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Teslaның бас директоры Илон Маск фабрика аумағында назарға ұсынылған үш жүк көлігінің бірін жүргізіп көрді. Іс-шара Твиттердің тікелей эфирінде көрсетілген.  

Tesla Semi жүк көлігінің концепциясы осыдан 5 жыл бұрын таныстырылды.  2019 жылдан бастап шығару жоспарланғанымен қосалқы бөлшектердің тапшылығы мен COVID-19 пандемиясына байланысты бұл жұмыс кейінге шегерілген.

Жаңа көліктің жылдамдығы 20 секунд ішінде сағатына 60 мильге, ал жүктемесі 82 мың фунт болған жағдайда аккумулятор қуаты 500 мильге дейін жетеді. Компания деректеріне қарағанда, Tesla Semi бағасы 150 мың АҚШ долларынан басталуы мүмкін.

И. Маск 2024 жылы компания Солтүстік Америкада Semi жылына 50 мыңға дейін шығару жоспарланып отырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жүк көлігі #Tesla