04.12.2022, 13:36
Жаңалықтар
Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ
фото: Астана қ ТЖД
Бүгін таңертең Астанадағы «Barys City» тұрғын үй кешенінің екінші қабатындағы пәтердің балконы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өрт бүгін сағат 08:28-де Тұран 46 а даңғылында орналасқан «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жанын жатқанын анықтады.
«Тұрғын үй кешенінен 16 адам эвакуацияланды, олардың алтауы балалар. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Сағат 09:10-да өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)