04.12.2022, 10:42
Жаңалықтар
Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылды»
Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ
Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылды», деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабарлама келіп түсті. Айтуынша, электрондық поштаға сағат 15.08-де ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келген. Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді», - делінген хабарламада.
Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты