01.12.2022, 11:21
Жаңалықтар
Айдарбек Сапаров СҚО әкімі болып тағайындалды
Ол 2019 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарған

Фото: ашық дереккөзден
Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол осы күнге дейін ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келген еді. Облыстық мәслихат депутаттары Сапаровтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А.Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35-і Р.Аңбаевты таңдады.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған.
Білімі:
- 1984 ж. – бухгалтерлік мектеп.
- 1992 ж. – Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
- 2006 ж - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
- 1984 ж. – кеңшар бухгалтері.
- 1992-1995 жж. – Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры.
- 1995-2003 жж. – «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры.
- 2003-2005 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары.
- 2005-2006 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары..
- 2006 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы.
- 2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
- 2008-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.
- 2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
- 2001-2019 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2019-2022 – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.
Мемлекеттік наградалары: «Кұрмет», «Парасат» ордендері.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
04.08.2025, 11:25
«Төрт балам жоқ»: Алматыда ерлі-зайыпты жүк көлігі өртеніп кеткен жігітті мәжбүрлеп ақша жинатқан ба (ВИДЕО)
04.08.2025, 17:36
«200 мың теңгеге билет алдым»: Джей Лоның концертінде шаш жұлысқан әйел өз шындығын айтты (ВИДЕО)
04.08.2025, 13:00
Шерзат Полаттың өлімі үшін 7 жылға сотталған Дидар Қалиахметтің әйелі талай адамға несие алдыртып, төлемей қойған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
01.08.2025, 15:24
Алматыда өз баласынан 11 млн теңге жасырған әке сотталып кетті
30.07.2025, 15:41
Қазақстанда 77 жастағы зейнеткер қатерлі ісікті үш рет жеңген